ҚазСТА-ның төрт студенті таеквондодан Гран-при финалында Қазақстан намысын қорғайды

Желтоқсан айында Астана қаласында таеквондодан Гран-при сериясының финалдық кезеңі (World Taekwondo Grand Prix Final) өтеді. Аталған беделді халықаралық жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады.

Қазақстан намысын Рита Бакишева, Мария Севастьянова, Тамирлан Тлеулес және Батырхан Төлеуғали қорғайды.

Төрт спортшы да Қазақ спорт және туризм академиясының (ҚазСТА) студенттері, сондай-ақ Дүниежүзілік жазғы универсиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Қазақстандық студент-спортшылардың осындай жоғары деңгейдегі халықаралық жарысқа қатысуы олардың спорттық жетістіктері мен әлеуетін айқын көрсетеді.

Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағы спортшыларымызға сәтті өнер көрсетіп, өз елінде жаңа жеңістерге жетуіне тілектестік білдіреді!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *