Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағы президенті Қайрат Закирьянов жұмыс сапарымен Астана қаласына келді.
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің Бас директоры Нұрлан Ноғербекпен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар спорт кадрларын даярлау және олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету бағытындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу іскерлік және сындарлы жағдайда өтіп, ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ бірлескен бастамаларды кеңейтуге бағытталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қайрат Закирьянов «Қазақстан Республикасы олимпиадалық қозғалысының еңбегі сіңген қайраткері» орденімен марапатталды.
