Одақ туралы
Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағы 1992 жылы құрылды. 1993 жылдан бастап қазақстандық студенттік құрамалар Бүкіләлемдік Универсиадаларға қатыса бастады.
Содан бері Қазақстан студенттері жазғы және қысқы Бүкіләлемдік Универсиадаларда жалпы саны 229 медаль жеңіп алды:
– 54 алтын,
– 73 күміс,
– 90 қола медаль.
2015 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен Жазғы Универсиадада Қазақстан жалпыкомандалық есепте 11-орынды иеленді. Сол жылы Испанияның Гранада қаласында өткен Қысқы Универсиадада Қазақстан 3-орынға ие болды.
2017 жылы Қазақстан XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы Алматы қаласында қабылдап, біздің құрама жалпыкомандалық есепте 2-орын алды.