Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс студенті, Milano Cortina 2026 XXV қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды.
Олимпиададағы жеңісіне дейін спортшы халықаралық студенттік жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп келген. 2023 жылғы Қысқы дүниежүзілік универсиадада (АҚШ, Лейк-Плэсид) ол 5-орын иеленді, ал 2025 жылғы Универсиадада (Италия, Турин) жарысты 4-орынмен аяқтады.
Бұл жетістік Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудағы тарихындағы маңызды белес ретінде бағаланып, ел спортының халықаралық беделін арттырды.
